Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар КАРТОП ӨНІМІ МОЛ БОЛСЫН!
КАРТОП ӨНІМІ МОЛ БОЛСЫН!

 Екінші нан атанып кеткен картоп өнімін егумен айналысатын шаруашылық құрылымдары жыл санап көбейіп келеді. Шаруашылықтар бұрынғыдай өнімді сақтау мен сатудан қиындық көрмеуде. Көкөніс сақтау қоймалары салынып, өнімді сату өрісі де кеңейген. Арысы Қытай, Ресей, Өзбек елдеріне өткізуге мүмкіндік болса, өз ішімізде оңтүстік өңірлері мен іргеміздегі елордамызда сұраныс көп.
Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаев жақында жарияланған мәлімдемесінде Үкіметке «Атамекен» ҰКП - мен бірлесе отыра ауылдағы кооперациялық желіні дамыту үшін «ЕГІС ДАЛАСЫНАН – ДҮКЕН СӨРЕСІНЕ ДЕЙІН» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырған, мұның бәрі ауылдағы 2 милионнан астам ауыл тұрғындарының табысын көбейтуге, отандық ауыл шаруашлығы кәсіпорындарының жүктемесін 53 пайыздан 70 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, -деген болатын.
Ауылдағы ағайынның күнкөрісі, табысы болып отырған сала, ол суармалы алқаптардан алынатын өнім. Ертіс өзені арқылы суландыру алқаптарына су жеткізіліп, тиісті агротехникалардың арқасында бір гектар жерден мол өнімдер алынып келеді.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімінің берген ақпаратына қарағанда бүгінде ауданымыз бойынша картоп өнімін егу аяқталған. Барлығы 1450 гектар жерге картоптың түрлі сорттары егілген. Соның ішінде 750 га шаруашылық құрылымдары ексе, қалғаны жеке аулалардың еншісінде.
Қазіргі күні суландыру алқаптарын кеңінен қолданып отарған «Иртыш-Агро» ЖШС 250 гектар жерге, осы шаруашылық «Өркен ПВ» шаруашылығымен бірлесе 170 га жерге картоптың «гала» тұқымдарын салған. Сондай-ақ «Astyk-PV» ЖШС 100 гектар жерге картоп, 315 га жерге жүгеріні жемазық ретінде және 415 га жерге арпа өнімдерін еккен. «Төлеков» ШҚ және «Теренколь Агро» ШҚ 25 гектар алқапқа картоп өнімін салған.
Бұл өнімді табыстың бір көзі ретінде таба білген шаруашылықтар картоп егіп, жинайтын және тамшылатып суаратын кешендерді лизингке сатып алып, пайдасын көріп отыр. Сонымен қоса тыңайтқыштар мен түрлі зиянкестерге арнап дәрілейтін қондырғыларды да сатып алған. Тағы бір ерекшелігі суармалы алқаптар жаздың қуаңшылық болғанына қарамайды. Тек су болса, болғаны.

Соңғы жаңалықтар