Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар Биылғы халық санағы электронды түрде өтеді Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында ауқымды Ұлттық халық санағы басталады. Елімізде әр он жыл сайын ұлттық санақ өткізіліп келеді. Бұл – Тәуелсіздігімізден бергі үшінші халық санағы. Бұл жолғы ұлттық санақ электронды түрде өтеді.
Биылғы халық санағы электронды түрде өтеді Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында ауқымды Ұлттық халық санағы басталады. Елімізде әр он жыл сайын ұлттық санақ өткізіліп келеді. Бұл – Тәуелсіздігімізден бергі үшінші халық санағы. Бұл жолғы ұлттық санақ электронды түрде өтеді.

еаселения (3)

25 – ші ақпан күні аудандық әкімдіктің үлкен залында «2020 жылы Тереңкөл ауданының аумағында өтетін Ұлттық халық санағын өткізуге дайындық барысына қатысты бірқатар мәселелеріне» арналған үлкен жиын өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі А.Әйткенов, Павлодар облысы бойынша Статистика Департаменті басшысының орынбасары Ж.Жакенов, облыстық статистика Департаменті әлеуметтік және демографиялық басқармасының жетекшісі А.Досмухамбетова, ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық жұмыс тобының мүшелері, аудан әкімінің орынбасары,ауылдық округтерінің мамандары, бАҚ өкілдері қатысты.
Шараны аудан әкімі А.Әйткенов ашты. Ол аталмыш ұлттық халық санағының қаншалықты маңызды екендігін атап, өтіп, бұл іске өте жоғары жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Павлодар облысы бойынша Статистика Департаменті басшысының орынбасары Ж.Жакенов биылғы жылы өтетін ұлттық санаққа дайындықтағы негізгі бағыттарын атап өтті. Әрі қарай облыстық статистика Департаменті әлеуметтік және демографиялық басқармасының жетекшісі А.Досмухамбетова ұлттық санақтың өту тәртібі мен оның негізгі талаптары жайлы ақпарат берді. Оның айтуынша, халық санағы арнайы оқытылған адам- интервьютерлермен жаппай аралау жолымен өтіп, оларды міндетті түрде өздерімен бірге тиісті куәлік, портфель және логотипі бар көк шарф болатынын жеткізді.
Санақтың негізгі кезеңі қазан айының 1-і мен 30-ы аралығында жоспарланған. Алғашқы 15 күнде интернет - сауалдама жүргізіледі. Биылғы санақ барлық талаптарға сай өтетінін айтты. Бірінші ерекшелік, қағазбен жұмыс істеу болмайды. Сауалдама жауапты планшетке енгізілетін болады. Екіншілік ерекшелік, интервьюерлерді үйіне кіргізуді қаламайтын адамдар арнайы сайтқа кіріп, санақ парақтарын өз бетімен толтыруға мүмкіндік алатыны жайлы да кеңірек айтылды. Басқарма жетекшісі сонымен қатар халыққа сауалдама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалдама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі екен. Сондай-ақ санақ жүргізетін азаматтарға қойылатын талаптар да бар екен жайлы а йтылды. Атап айтқанда жауапты, тез тіл табыса алатын 18 жастан асқан қазақстан азаматы азаматы болуы шарт. Жұмыс өтілі мен кәсіби білімен талаптар қойылмайды. Тек планшетпен жұмыс істей білуі керек. Сонымен бірге 30 күнге қызмет көрсетілетін кезде дайындық кезеңінен интервьюеріне 75 743 теңге, негізгі кезең кезең интервьюерлеріне 94 678 теңге төлеу жоспарланған. Ал енді 45 күн қызмет еткен дайындық және негізгі кезеңдердің нұсқаушы- бақылаушысына 113 614 теңге ақы төленбек. Халық санағына еліміздің барлық азаматтары қатысуға құқылы. Оның ішінде елде тұратын кәмелетке толмағандар, уақытша тұратын, уақытша жоқ азаматтар, шелелдік азаматтар, республикада тұратын азаматтығы жоқ адамдар. Шетелде тұрақты тұратын қазақстандықтардың деректері де есепке алынады. Онлайн - режимде интернет –санақ арнайы сайт арқылы жүзеге асырылады www.sanaq.gov.kz. Яғни, халық жеке куәлік нөмірі, ұялы телефон және растау құпия сөзі арқылы өз деректерін енгізіп тіркеле алады. Барлық азаматтарға 45 сұрақ қойылады. Оның ішінде ұлты, жұмыспен қамту, білім беру және көш - қон мәселелері ғана емес, отбасы жағдайы денсаулық жағдайы, тұрғын үй жағдайы туралы мәселелер де бар.
Облыстық статистика Департаменті ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелері қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, халықтық санағына дайындық және өткізу үшін бюджеттен қомақты қаражат қарастылып отырғанын тілге тиек етті. Департамент өкілдері тұрғын үйге барған кезде интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлігі, сөмке, шарфтың болуы міндетті екенін ескертті. Аудан әкімі жиналған қауымды бұл өткізетін ауқымды шараға зор жауапкершілікпен қарап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Г.Жаябаева