Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ЧЕМПИОН АТАНДЫ
ЧЕМПИОН АТАНДЫ

6-10 ақпан күндері Атырау қаласында спорттық самбо және әскери самбо бойынша жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Аталмыш жарыстарға біздің ауданынан Әділ Тлектесов пен спорт мектебінің бапкері Борис Костеренко қатысқан еді.
Республикалық деңгейде өткен чемпионат барысында жерлесіміз Борис Костеренко 100 келі салмақ дәрежесінде ҚР спорт шебері нормаларын орындап, алтын медальға ие болды. Қазақстанның құрама командасына енген Борис алдағы уақытта Индонезия мемлекетінің Бали қаласында өтетін Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады. Спорттық самбодан күш сынасқан Әділ Тлектесов те жақсы дайындығын көрсете білді.
С.Сәдуақасов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры