Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ЖАСТАР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

молодёжи удался! (12)

Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланып, еліміздің ертеңі саналатын жастар қауымына үлкен қолдаулар жасалынды. Ең үлкен көмек олардың өз істерін ашуға, өз мүмкіндіктерін көрсетулеріне серпін берілгендігі.
Дүйсенбі күні аудан әкімі Е.Әйткеновтың қатысуымен «Жастар жылының» қорытындысын шығаруға арналған форум өткізілді. Форум барысында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша өз кәсібін ашқан Д.Нұрдәулетова, «Жасыл ел» жасағына қатысушы Н.Якушкина, «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша Трофимовка мектебінің мұғалімі Қ.Нұрбақыт өз алғыстарын жеткізіп, жастарға жігер берді. Биылғы жылы аудан әкімінің «Рух» жастар сыйлығы белгіленген болатын. Осы форум барасында өз саласы бойынша үздік деп танылған жастар арнайы 50 мың теңгенің сыйақысымен марапатталды. Олар, «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша Трофимовка орта мектебінің мұғалімі – Қуатбек Нұрбақыт, «Үздік жас дәрігер» - аудандық орталық аурухананың дәрігері Ләззат Ташпаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы - Иван Дорофеев, «Үздік жас мәдениет қызметкері» - аудандық Мәдениет үйінің әдіскері- Дана Ахметоваға, «Үздік жас кәсіпкер» - жеке кәсіпкер, «Жас кәсіпкер» грантының иегері Игнат Жарников, «Үздік жас спортшы» - еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат, ҚР біріншілігінің күміс жүлдегері, Қ.Оспанова атындағы № 3 орта мектептің оқушысы Санжар Қайыржанов.
Сондай-ақ, еңбектегі жоғары көрсеткіштері, мінсіз әрі адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және “Жастар жылы” аясында ерекше белсенділік танытқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен аудандық кітапхананың кітапханашысы - М.Жакупова, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Д.Раскильдинова, А.Елгин атындағы №1 ЖОМ тарих пәні мұғалімі - Н.Сеитов, Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОББМ оқушысы А.Уразалинов, "Тереңкөл аудандық ауруханасының" дәрігері М.Смагулова, "Жас кәсіпкер" бағдарламасының қатысушысы, жеке кәсіпкер А.Повышева марапатталды.
Форумның соңы ауданымыздың мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының қойған концертімен жалғасты.