Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар ШЫРША ОРНАТЫЛДЫ
ШЫРША ОРНАТЫЛДЫ

(1)_1

(6)_1

IMG_6072

Дүйсенбі күні аудан орталығы Тереңкөл ауылында ауданның басты Жаңа жылдық шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындарымен бірге аудан әкімі Е.Әйткенов, мекеме басшылары мен мәдениет ұйымдарының өкілдері, жастар мен балалар қатысты.
Аудан әкімі жиналған көпшілік қауымды алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Ертегі кейіпкерлері шыршаны айнала би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Аудан орталығының жағажайында орнатылған шырша оттары жағылып, айналаға ерекше көрік берді.