Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар БАСТЫ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ
БАСТЫ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

1

IMG_20191223_100003

Дүйсенбі, 23 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті 52 сессиясы болып, ауданымыздың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті бекітілді.
Биылғы жылдың наурыз айында еліміздегі мәслихаттардың қызмет атқарғандарына 25 жыл толды. Осы бір тарихи мерекелік шараға орай арнайы медаль жасалынған еді. Аудандық мәслихаттың сессия жұмысына төрағалық еткен Р.Габидулин аудандық мәслихаттың хатшысы С.Баяндиновке арнайы медаль мен ҚР Парламенты Сенатының Құрмет грамотасын және Песчан ауылдық округінен сайланған депутат Н.Әліповаға да медальмен қоса Қазақстан халықтары Ассамблеясының Алғыс хаты және барлық депутаттарға арнайы медаль табыс етті.
Күн тәртібіне сәйкес «Тереңкөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті» туралы аудан әкімінің орынбасары М.Зенов хабарлама жасады. Негізгі басымдық ауданның алдағы үш жылда әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған. 2020 жылы аудан бюджетінің көлемі -6,5 млрд теңгені құрап отыр. Облыстық бюджеттен 4,2 млрд теңгенің субвенциясы түседі деп көзделуде. Қаржының басым бөлігі білім беру саласына арналып отыр. Алдағы жылы мектептердің күрделі жөндеуіне, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, оқушыларды тамысалдауға автокөлік алу, мұғалімдердің жалақыларына үстемеақы қосу, оқу кабинеттерін жаңғырту сынды жұмыстарға қаржы жұмсалмақ.
Алдағы жылы аудан көліменде жоспарланған ауқымды істер жүзеге аспақ. Оның орындалуы әрине қаржыға тірелетіні белгілі. Жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға нақты қаржы көздері белгіленген. Тек қанаға әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға 4,4 млрд теңге қарастырылған. Осы және өзге де бағыттарға жұмсалатын қаржы көлемдерін жан жақты айтып берген аудан әкімінің орынбасарына халық қалаулылары бірауыздан қолдау білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «2015 жылдың 30 наурызы күні қабылданған аудандық мәслихаттың «Качир ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелерді үйлестіру кеңесінің құрамын бекітутуралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Б.Баженов айтып берді. Барлық қарастырылған мәселелерге депутаттар қолдау жасады.
Сессия жұмысының соңында түсіністік танытып, аудан бюджетінің бекітілуіне қолдау білдірген депутаттарға аудан әкімі алғысын білдірді.