Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Жаңалықтар КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ
КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ

Павлодар облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Ербол Арынов Тереңкөл ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен кездесті. Іс - шараға аудан әкімі Ернұр Әйткенов, аудан әкімінің орынбасарлары, өңір кәсіпкерлері, ауылдық округтердің әкімдері мен жастар қауымы қатысты.
Кездесуді аудан әкімі ашып, сөз кезегін облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Арыновқа берді. Ол өзінің қызметі бойынша қысқаша есеп беріп, сонымен қатар өңірдегі кәсіпкерліктің дамуының келешегі жайында хабардар етті. Әрі қарай Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Тереңкөл аудандық филиалының директоры М.Омаровтың 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы жайлы және алдағы атқарылар істер туралы ақпараты тыңдалды. Филиал директорының берген ақпаратына қарағанда биылғы жылы бірқатар жаңа инвсетициялық жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда: береговойлық Е.Шаров өз шаруашылығында 2019-2020 жылдары 140 гектар жерге суармалы алқапты салуды көздеп отыр. Бүгінде кәсіпкерлер палатасының күшімен жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Сондай-ақ ол 200 бас ірі қара малға арналған тауарлы - сүт фермасын жаңғыртуды көздеп отыр екен. Сонымен бірге «Өркен ПВ» ЖШС биылғы жылы 70 гектар суармалы алқапты қайта жаңғыртпақшы. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 9 субъекті 10 жобаларын дайындау үстінде.
Кәсіпкерлер палатасының директоры М.Омаров 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бизнес-бастау» бағдармаласы аясында 39 адам курстан оқып, 32-і сертификат алып, 25 азамат арнайы грант алғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ курстан оқып шыққан 15 азаматқа несие берілді. Өткен жылы дуалды оқыту бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және 60 колледж студенттерімен өзара шарттар жасалып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жастарды мемлекеттік қолдауға бағытталған бағдарламаны түсіндіру мақсатында кәсіпкерлер Палатасы барлық ауылдық округтерде болып, жастармен кездесу өткізген.
Әрі қарай жиналған кәсіпкерлер қауымы алдында кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау аймақтық кәсіпкерлер палатасындағы бөлім басшысы А.Жәмпейісованың баяндамасы тыңдалды. Ол облыс бойынша қанша жобалар жүзеге асты, «Еңбек» бағдарламасына кеңірек тоқталып өтіп, қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілгені жайлы мәлімдеді. Жиын барысында «Бизнес –Бастау» бағдарламасы бойынша оқу оқып, өз кәсібін таяуда ашқан жергілікті кәсіпкерлер сөз кезегін алды. Олардың бірі Тереңкөл аулының тұрғыны, жас кәсіпкер Г.Молдагельдина. Ол болашақта өз кафесін кеңейтіп, 250 орындық бенкет залын ашпақ ниетте. Курс бітіріп, грантқа қол жеткізген тереңкөлдік кәсіпкер Л.Зуенко да жергілікті кәсіпкерлер палатсына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, «Бизнес-Бастау» бағдарламасының ауылда жұмыссыз жүрген азаматтарға жеке ісін ашуға қаншалықты қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ аудан кәсіпкерлері өздерін толғандырып отырған мәселелерін көтеріп, пікір, ұсыныстарын ортаға салды.
Аудан әкімі жиынды қорытындылап, жергілікті кәсіпкерлер палатасының жұмысына оң бағасын беріп, жастардың «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатысып, 500 мың теңгеге дейін грант алуға мүмкіндіктері бар екен айтты. Сондықтан да жастармен ауыл- ауылдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқытып, жеке бизнестерін ашуға шақырды. Бұл бағытта Қаржылай қолдау қоры тағы да қосымша 50 миллион теңге бөлген екен. Сонымен бірге кәсіпкерлерге өте тиімді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысу үлкен мүмкіндік беретіні жайлы айтылды.
Шара соңында Павлодар облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Е.Арынов кәсіпкерлер тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап берді. Ол аудандық кәсіпкерлер палатасының жұмысына оң баға берді. Сондай-ақ бүгінде облыс көлемінде қандай игі істер қолға алынғаны жайлы хабардар етіп, көтерілген мәселелер аяқсыз қалмай, аудан кәсіпкерлеріне қолынан келгенше қолдау танытатынын жеткізді.