Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Хабарландыру ХАЛЫҚТЫҢ НАЗАРЫНА!
ХАЛЫҚТЫҢ НАЗАРЫНА!

1476861730_322_425d142a9c9b8c316f2fac7443b11e46

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Павлодар облысы аумағында 2019 жылдың 5 және 6 сәуірде сағат 09.00 - 19.00 аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі.
Азаматтарды жеке қабылдауды облыс Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ю.Ю.Колесников, сонымен қатар Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ж. Қайыров, әкімшілік полиция бастығы Д.Төкенов және көші-қон қызметінің бастығы А. Уәлиев жүргізеді.
Екібастұз және Ақсу қалаларында орталық аудандарда қабылдауды полиция органдарының бастықтары жүргізеді.
Осы акция барысында арнайы бөлінген автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол-техникалық инспекциясы бөліністерінің өкілдерімен, жалпы және жол қауіпсіздігін жүзеге асыратын, көші-қон заңнамасы мәселелерін қарастыратын қызметкерлермен кеңес беріледі және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, халыққа полиция органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халық пен кәсіпкерлер үшін шығындарды қысқарту бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіншілігі, сонымен қатар онлайн режимінде айыппұл төлеу және қарау, ІІО қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттеріне шағымдану тәртібі, «сенім телефондарының» қызмет көрсетуі және т.б. туралы ақпарат берілетін болады.#pavlodarnews#dp_pavlodar#pavlodarregion