Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Хабарландыру Бакытты отбасы
Бакытты отбасы

Тереңкөл ауданы әкімдігі атынан «Тереңкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Жилстройсбербанқа жолдама алу үшін Тереңкөл ауданы өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті атқарушы мекемеде кезекте тұрған мына санаттағы азаматтарға беріледі:

  • Көпбалалы отбасылар;
  • Толық емес отбасылар;
  • Мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушілер келесі қүжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш;
  2. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері;
  3. Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктер;
  4. Өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анқтама;
  5. Өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
  6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның сипаттамалары туралы анықтама (үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және осы жағдайларда құқықтық туындайтынын растайтын құжаттар;
  7. Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек ақы туралы мәлімет (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары-жәрдем ақы, зейнет ақы т.б., мемлекеттік жәрдемақылар саналмайды);
  8. Мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар-мүгедектігін растайтын анықтама;

Өтініштер 2019 жылғы 22 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Мекенжай: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172 үй, 108 каб.,                         тел. 8 (71833) 21-8-85.

Осы бағдарлама шарттарын еске саламыз:

  1. Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;
  2. Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс;
  3. Несиелеудің ең көп сомасы – 10 млн.теңге;
  4. Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;
  5. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде;
  6. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;

Толық емес отбасылар, кәмілеттік жасқа толмаған баласы бар, некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі;

Көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмілетке толмаған  төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмілеттік жасқа толғаннан кейін  білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;

Мүгдек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады-мүгдектігін растайтын анықтама.

Наза аударыңыз! Өтініш тапсыруға құжаттардың көшірмелері қабылданады.