Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ»
«Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ»

«Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ»

Қазақтың ұлы ақынының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген ықыласын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусым күні ауданның жастары арасында «Абай оқулары» өтті.   Байқау екі кезеңнен тұрды. Сайыскерлер қазақтың белгілі ақын-жазушыларының  көркемдігі жоғары прозалық, поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.

Аудандық байқаудың сарапшылары үміткерлердің ақын шығармаларының мәтіндерін жатқа және көркем оқу шеберлігіне, оқу мәнеріне, сахна мәдениетіне баса назар аударды.  «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай шығармаларының көркемсөз оқу байқауы нәтижесінде келесі жүлдегерлер анықталды: І орын - Котенева Татьяна, ІІ орын - Лидия Карпенко, ІІІ орын - Ильяс Шапағат ие болды. Белсенді қатысқандығы үшін Шунтинова Аяжан бағалы сыйлықпен марапатталды.

1718