Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

«Тіл – парасат»

 «Тіл – парасат»

«Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Качир ауданында іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру бойынша қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында өзге ұлт жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» атты аудандық  байқау өткізілді.

            Аталмыш шара аудандық кітапхана ғимаратында өткізілді. Байқаудың шарттарына сәйкес қатысушылар алдымен қазақ тілінде берілген тақырыпқа дайындықсыз тұсаукесер жасады. Байқаудың екінші кезеңінде үміткерлер берілген тақырып бойынша эссе жазды. Ал соңғы үшінші кезеңде қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй не болмаса заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі қөркем шығарма үзіндісінің қойылымы (үй тапсырмасы) көрсетілуі  шарт еді.

         Үміткерлер аталмыш конкурста жан-жақты білімі мен қабілеттерін аша білді. «Тіл – парасат» атты аудандық байқауының қорытындысы бойынша бірінші орынға Қ. Оспанова атындағы №3 ЖОББМ-нің оқушысы Котенева Татьяна Алексеевна, екінші орынға Калиновка ЖОББМ шағын орталығының тәрбиешісі Зыкова Надежда Петровна иеленді. Сайысқа белсенді қатысқандар Алғыс хаттар мен  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1516