Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Славян жазбалары мен мәдениеті күні
Славян жазбалары мен мәдениеті күні

Славян жазбалары мен мәдениеті күні

Славян жазбалары мен мәдениеті күніне орай. 29 мамырда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  ұйымдастыруымен  аудандық Мәдениет үйінде концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл шараға ауданның этномәдени бірлестіктері қатысып, аудан тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Мордвалық этномәдени бірлестігінің «Лейся песня», белорус этномәдени бірлестігі «Сябрыня», украин этномәдени бірлестігінің «Калинушка» вокалдық ұжымдары  ауданымыздағы мемлекеттік тіл мен этнос тілдердің дамуына, тәрбие мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға және халықтар арасындағы рухани және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлестері үшін Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

1314