Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ауданымызда «Түркі тілдес халықтарының жазбалары күні» аталып өтті
Ауданымызда «Түркі тілдес халықтарының жазбалары күні» аталып өтті

Ауданымызда «Түркі тілдес халықтарының жазбалары күні» аталып өтті

Қазақстандағы түркі тілдес халықтарының жазбалары күндері дәстүрлі мерекесінің біріне айналды. Осыған орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Качир ауданының Қ. Оспанова атындағы № 3 ЖОББМ-де Түркі тілдес халықтарының жазбалары күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен танымдық викторина  өткізді. Шараның бірінші бөлімінде оқушылар көне түркі жазбаларын зерттеу тарихымен таныстырылып, оның құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен туралы мәлімет алды. Сонымен бірге көне түркі жазбаларының үш тобы Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері жөнінде  толық ақпарат алды.

Шара соңында  викторинаға белсенді қатысқан оқушылар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

1112