Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті
Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

Качир ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» атты байқауды өткізді. Байқаудың мақсаты - үштілділікті насихаттау, жастардың тілдерді  қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру деңгейін анықтау болды. Байқаудың қорытындысы бойынша I орынға Качир ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Темірханова Гүлнұр Еркебайқызы, II орынға  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Салменова Анель Бектасқызы , III орынға Калиновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рахимжанов Елдар Сембайұлы ие болды.

Елімізде үш тұғырлы тіл саясаты табысты жүзеге асырылып келеді. Соның бір мысалы осы сайыс деп айтуға болады. Аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен бұл сайыс қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтарын білуге және өз білімдерін  көрсетуге бағытталды.

Байқау жеңімпазы – Темірханова Гүлнұр Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған облыстық байқауға қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

0910