Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Көңілді тапқырлар клубының» кезекті кездесуі
«Көңілді тапқырлар клубының» кезекті кездесуі

«Көңілді тапқырлар клубының» кезекті кездесуі

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «АLDASPAN» жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен көңілді тапқырлар клубының кезекті кездесуі өтті.

 Воскресенка, Федоровка, Верненка, Жаңақұрылыс, Береговое, Байқоныс ауылдық округтерінен жас әрі тапқыр әзілқойлар тамаша ойын көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білді. Алдымен ойынға қатысушылар таныстыру сайысында қазылар алқасын командыларымен таныстырды. Бұл сайысқа ең тамаша дайындықпен келген воскресенкалық «Қазақ жастары», верненкалық «Алтай» мен федоровкалық «Қайсар» топтары көрермендерді керемет әзілдерімен өзіне бірден баурай білді. Жаңақұрылыстық «Ойбай» командасының тіл мәселесіне қатысты ой  тастарлық көрінісі ерекше көзге түсті. Сөз жүдесе - өмірдің жүдегені демекші, әзіл кешінде астарлай, әзіл арқылы бүгінгі заманның мәселелерін жеткізуге тырысқандар көп болды. Қызық ойынның қорытындысы бойынша бас жүлдеге березовкалық «Алаш ұлы» командасы ие болды. Екінші орын федоровкалық «Қайсар» командасына бұйырса, жүлделі үшінші орын Байқоныс ауылдық округінің «Әзіл-star» тобына берілді.       Жүлдегерлер Алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

0708