Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2019 жылдың өткен кезеңіндегі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы Павлодар облысының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және 2019 жылдың өткен кезеңіндегі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл туралы Павлодар облысының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

4-тармақ. Әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізілсін, соның ішінде:
1) іс жүзінде болмайтын құжаттарды жинау, ақпараттарды және өзге де деректерді беру міндеттерін жеке және заңды тұлғаларға жүктеу;
2) мемлекеттік қызмет көрсетудің ұзақ мерзімдері мүмкін болса дереу ұсынылады;
3) заңмен дәлелденбеген қосымша міндеттерді жеке және заңды тұлғаларға жүктеу;
4) тұғындар мен ұйымдарға орындалуы қиын, анықталмаған талаптарды белгілеу.
Тереңкөл ауданы әкімінің мәжіліс залында 2019 жылғы 8 қарашада әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған мәселелер бойынша оның ішінде: іс жүзінде болмайтын құжаттарды жинау, ақпараттарды және өзге де деректерді беру міндеттерін жеке және заңды тұлғаларға жүктеу, мемлекеттік қызмет көрсетудің ұзақ мерзімдері мүмкін болса дереу ұсынылады, заңмен дәлелденбеген қосымша міндеттерді жеке және заңды тұлғаларға жүктеу, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында, тұғындар мен ұйымдарға орындалуы қиын, анықталмаған талаптарды белгілеу қоғамдық талдаулар өткізілді.
Қоғамдық тыңдауларда Тереңкөл ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғамдық кеңесінің мүшесі-8 адам, қоғамдық кеңестің хатшысы, ауылдық округ әкімдері-12 адам, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары,-10 адам, БАҚ өкілдері: «Тереңкөл тынысы» және «Заря»аудан газетінен-2 адам қатысты.
Осы салада Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудан білім беру бөлімдері жүргізілген жұмысы туралы ақпараттандырды.
Тереңкөл ауданының қоғамдық кеңесімен ұсынылған ақпараты негізде тиісті ұсынымдары мен ұсыныстары пысықталды.
5-тармақ. Қазақстан Республикасының ішінде қызметтік іссапарға бағытталған, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлеріне шығындарын өтеу шарттары және тәртіпті оңтайландыру бойынша ұсыныс жолдансын.
Қазақстан Республикасының ішінде 2 жұмыс күні кезеңін іссапар жөніндегі шығындары туралы қызметтік іссапарға бағытталған, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлеріне шығындарын өтеу шарттары және тәртіпті оңтайландыру бойынша растайтын құжаттар ұсынысы туралы Ережесінің 6 - тармағына өзгеріс енгізілсін.
8-тармақ. Ескерілетін, дискрециялық уәкілеттіктен шығару бойынша ұсыныс жолдасын:
1) екі немесе одан да көп шешімнің (оң немесе теріс) нұсқаларын таңдау шарттарын дәл анықтамай лауазымдық тұлғаға қабылдау құқығын беру;
2) лауазымды тұлғаға өз қалауы бойынша нормативтік құқықтық актіні орындау тәсілін анықтауға, сондай-ақ заңды фактіні бағалауға, ықпал ету шарасын және актілерді шығаруға мүмкіндік береді.
Аудандық мемлекеттік мекемелері мемлекеттік органдардың бекітілген ережелеріне сәйкес дискрециялық талдау жасады.
Мемлекеттік органдардың функцияларында дискрециялық уәкілеттіктер талдау жүргізуге келе жоқ екендігін көрсетті.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, дискрециялық уәкілеттіктен шығару жөнінде ұсынсытар жоқ.
9-тармақ. Мүдделер қақтығысының Әдептілік бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шектеулерді сақтау тәжірибелік нұсқаулықтарды әзірлеуге мониторинг жүргізілсін.
Аудан мемлекеттік мекемелерімен тұрақты негізде мүдделер қақтығысының Әдептілік бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шектеулерді сақтау алдын алу шаралары және мониторингі жүргізіледі.
2019 жылғы бірінші тоқсанында аудан әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган басшысының әдебіне, сондай-ақ ұжымда моральді-зерделеу мақсатында сұрақ-сауал жүргізілді.
Ауданның барлық мемлекеттік мекемелеріне аудан әкімі аппараты персоналмен басқару қызметімен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау, сонымен-ақ мүдделер дауы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құқық бұзушылығының алдын алу, мемлекеттік қызмет жөнінде шектеулерді сақтау бойынша) тәжірибелік оқулықтар бағытталған және әзірленді.
Сонымен, ағымдағы жылдың соңына дейін аудан әкімінің аппаратымен, жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілер ұжымында Әдеп нормаларын сақтау мен моральді-психологиялық қатынасына талдау, анонимді сауалнама жүргізу жоспарлануда.
24-тармақ. Міндетті техникалық құқық бұзушылықтары мен олардың дамуының орындалуы бойынша шара қолдану талдауын жүргізсін.
Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері міндетті техникалық құқық бұзушылықтарда қызметтік міндеттерін орындау барысында кеудеге арналған бейнежетонды қолданады. Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы әр хаттаманы құру бейнежазбамен бірге жүргізіледі.
31-тармақ. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубымен аумақтық жиналыс жүргізсін.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-ұлтжандылық тәрбие аясында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетті қалыптастыру мақсатында Тереңкөл ауданының жалпы білім беру орта мектептерінде 18 ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубы құрылды.
2018-2019 жылдар ағымында шаралар қатары жүргізілді, атап айтқанда:
- «Эссе – шығарма» аудандық конкурс;
- «Ең үздік тақпақ» конкурс.
Тереңкөл ауылының жағажайында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты акция жүргізілді, онда аудан орталық мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты, акция жалпы флешмобпен тамамдалды.
2019 жылғы 30 қыркүйекте облыстық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жиналсында Терңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы № 3 Қатша Оспанова атындағы жалпы білім беру орта мектебінің «Адал ұрпақ» тобы қатысты.
33-тармақ. Жоғарғы білім беру ғимараттарында, кәсіптік білім және техникалық білім бағдарламарын дамыту, білім беру ұйымдарында «Таза сессия» акциясын жүргізсін.
«Тереңкөл ауданы аграрлық-техникалық колледжі» ҚМКК-да ортасындағы бейресми қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамсыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Колледж басшысының бұйрығымен, келісім бойынша жұмыскерлер ішінен өкілдер енгізілумен, сол саладағы мамандармен қорытынды аттестациялау, кәсіпті емтиханынның комиссия құрамы бекітілді.
Оқу ғимаратының фойесінде «Парасатты азамат» ақпараттық стенді безендірілген, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тиісті плакаттар орналастырылған.
Жыл сайынғы «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары болу мүмкін деген сауалнамалар жүргізіледі.
2019 жылдың қыркүйегінде Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы № 3 Қатша Оспанова атындағы жалпы білім беру орта мектебінің оқушыларымен бірлесе жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бейнеролигі түсірілді.
Бұл акцияның мақсаты-жастардың құқықтық санасы мен белсенді азаматтық сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылық көріністеріне төзбеушілік болдып табылады.
«Таза сессия» акциясы барысында студенттер емтихан сессиясының Ережелерін және басқа да заңсыз әрекеттерді бұзу фактілері туралы сенім телефоны арқылы оқу ғимаратында орналасқан «Сенім қорабы» арқылы жазбаша түрде хабардар ете алады.
34-тармақ. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әлеуметтік аудио-бейероликтер жасау және тарату қамтамасыз етілсін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында аудан әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасының қазақша күрес шеберлерінің, № 2 А. Текенов атындағы ЖББОМ директоры, Тереңкөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудан мектептерінің оқушылары, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілері, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерлірінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетті қалыптаастыруға бағытталған 10 әлеуметтік бейне сұхбат түсірілді, сондай-ақ азаматтың пара алу кезіндегі әрекеттерін түсіндіретін бейнежазба жасалды.
Осы бейнероликтер Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды және бүгінгі күнде 350-ден астам қаралды.
Сонымен қатар, «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлі» мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбына бейнеролик түсірілді, бұл әлеуметтік желілерде де кең таралған.
35-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілсін.
Барлық білім беру мекемелерінде, сонымен қтар тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін және төзбеушіліктік деңгейін анықтау мақсатында анонимді сауалнама зерттеулер жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекетіне шағымдар келіп түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жауапкершілікке тартылған, теріс себептер бойынша босатылған және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзған жағдайлар көрсетілген мерзім ішінде жоқ.
40-тармақ. Тұрғын үйді заңсыз ұсынған тұлғаларды анықтау және кейіннен мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу жұмыстары күшейтілсін.
Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция бөлімімен жалдамалы тұрғын үйді анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі,содан кейін жергілікті аумақтық кірістер басқармасына ақпарат жолданды.
Сонымен, 2019 жылдың өткен кезеңінде жалға жалға берілетін тұрғын үйдің 7 бірлігі анықталды, олар туралы ақпарат әкілетті органға жіберіледі.
43-тармақ. «Эстафета» қағидасы бойынша облыстың барлық аймақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл «Адал жол-честный путь» марафоны өткізілсін.
2018 жылғы 15-16 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасытру, аудандағы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік жағдайын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында, «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді, оның аясында ауданның бірқатар мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күресінің өзекті мәселелері бойынша түсіндіру кездесулері өткізілді, сондай-ақ аудан жастарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына флешмоб жүргізілді. Қазқстан Республикасы Департаменті Агентігінің өкілдерімен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көөрсетудің өзекті мәселелері жөнінде ауданымыздың мемлекеттік мекемелерінің еңбек ұжымдарымен марафон аясындатүсіндіру кездесулер жүргізілді.