Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Рухани Жаңғыру Ақпарат Тереңкөл ауданында Рухани жаңғыру " бағдарламасын іске асыру туралы» 2019 жылдың бірінші тоқсаны
Ақпарат Тереңкөл ауданында Рухани жаңғыру " бағдарламасын іске асыру туралы» 2019 жылдың бірінші тоқсаны

 

 Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласы Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістердің қисынды жалғасы болып табылады.
2019 жылы жұмыста екпінді жобаларды, зерттеу және талдау жұмыстарын тиімді іске асыруға және ілгерілетуге, ҮЕҰ мен бизнес - қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимыл жасауға бағытталатын болады.
Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы бойынша 2019 жылы қаңтар айында аудан мектептерінде "латынды қорғаймыз"атты диктант байқауы өткізілді. Аудан орталығының мектептерінде танымдық сағаттар, суреттер конкурсы, сынып сағаттары өткізілді.
Орталық аудандық кітапханада тарихи экскурс (қаңтар), "Ұлы дала қолөнері" көрмесі (Наурыз), "Ғасырлар мұрасы – ұрпақтарға" тарихына саяхат жыл соңына дейін "Ұлы дала түлғалары" ақпараттық сағаты (қыркүйек), "Взрослое детство" тыл еңбеккерлері туралы өлкетану сабағы (желтоқсан) ұйымдастырылды.
Ауылдық кітапханаларда өлкетану сағаттары, тарих кештері, танымдық ойындар өткізілді.
Мектептерде "Асыл мұра" клубтары ашылады, "Шоқан жолы", "латын графикасы-заман талабы", "Жан шуағы", "үздіктердің үздігі" жобалары, стартап фестивальдары, "Профи-старт", қолөнер көрмелері, табысты адамдармен кездесулер, экологиялық акциялар, ән байқаулары, панорама-сабақтары іске асырылады.
Оқушылар үйімен суреттер байқауы, "Ұлы Даланың көне себептері" жобасы, "Алтын қазына"көркем және сәндік-қолданбалы өнер фестивалі өткізіледі.
Жастар орталығы "Жан шуағы" жобасын, турслет, "20 жарқын іс" акциясын, шекара маңы ынтымақтастығының жастар этнофорумы, ауыл жастарының слеті, аудандық "Жас кәсіпкер" байқауы, әндер байқауын іске асырады.
Агро-техникалық колледжде латын графикасына көшу жобасы жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі қазақша күрестен турнир, асық ату бойынша турнир өткізеді. Қараша айында Азаматтарға көмек көрсету бойынша "Жылы қыс" акциясы өткізіледі, қыркүйек айында аудан тумалары слеті өтеді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

 

"Тереңкөл ауданының
Ішкі саясат бөлімі "ММ басшысы Қ.Алтаев