Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Мәслихат Тереңкөл ауданында мүгедектер катарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Тереңкөл ауданында мүгедектер катарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақсан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Мүгедек баланы психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, тиісті оқу жылы ағымында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.
3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда,мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4. Качир аудандық мәслихатының (VI-сайланған IV-сессиясы) 2016 жылғы 13 маусымдағы «Качир ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 1/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5151 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 шілдеде «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы


Тереңкөл аудандық
мәслихатының хатшысы                                        С. Баяндинов