Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2018 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2018 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2018 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі

1.    Жалпы ережелер

Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 913 өзгерістерімен мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 95 түрі көрсетіледі.
Соның ішінде мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызметтің 19 түрі, мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 7 түрі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтің 7 түрі, балама негізде 62 түрі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ақылы негізде 16 түрі мемлекеттік қызмет көрсітіледі.
Ең талап етілген мемлекеттік қызметтер:
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында:
1)    Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
2)    Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
3) Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Білім беру саласында:
1)    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
2) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.
Ауыл шаруашылық және ветеринария саласында:
1) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;
2) Ветеринариялық анықтама беру.
2018 жылғы 12 айда Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары 28 978 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде:
- мемлекеттік корпорация арқылы 3 189 мемлекеттік қызмет;
- балама негізде 6 649 мемлекеттік қызмет;
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде 18 028 мемлекеттік қызмет;
- электронды түрде веб-портал, е-лицензиялау арқылы 489 мемлекеттік қызмет;
- мемлекеттік органда 623 мемлекеттік қызмет көрсетті.
      

2.    Қызмет алушылармен жұмыс

Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми интернет–ресурсында мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін және бизнес-үдерістерін орналастыру қамтылған.  
Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіледі, ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде облыс әкімдігі мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөліміне және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментіне Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есебі жолданып отырады.
Аудан тұрғындарының ақпараттандырылуын арттыру мақсатында аудандық «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде электронды түрде, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыратын мақалалар мен материалдар жүйелі түрде жарияланып отырады.
2018 жылғы 12 айда 101 мақала жарияланды. Аудан әкімінің ресми сайтында «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде осы тақырыпта 14 мақалалар орналастырылды.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру, «электронды үкімет» порталын дәріптеу, сондай-ақ электронды мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру бойынша 52 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, аудан тұрғындары арасында мақсатқа сай ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Осылайша, 2018 жылғы 4 қаңтарда Октябрь ауылдық округінің тұрғындары үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсету және egov.kz «электрондық үкімет» порталын көпшілікке тарату» тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
2018 жылғы 5 қаңтардан бастап 11 қаңтарға дейін аудан әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Тереңкөл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімімен бірлесіп «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» ММ және «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерімен дөңгелек үстелдер жүргізілді, оның барысында мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мәселелері қарастырылды, сонымен қатар мемлекеттік мекемелермен электрондық форматта ведомстволық қызметтерді көрсету бойынша кеңестер берілді.
2018 жылғы 11 қаңтарда аудан әкімінің аппараты «ALDASPAN жастар орталығы» жастар орталығы және «Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен бірлесіп Тереңкөл ауылдық округінің жастарымен дөңгелек үстел өткізілді, онда мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу және осы халық санатын өзінің құрдастары арасында белсеңді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тарту мәселелері қарастырылды.
2018 жылғы 15 қаңтардан бастап 18 қаңтарға дейінгі кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органдарында ауылдық округтердің тұрғындары, бюджеттік мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілері үшін «Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу» тақырыбында 18 семинар өткізілді, оларды жүргізу барысында халыққа қызметтерді  электрондық үкімет порталы арқылы алу, бюджеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері және қызметкерлерімен Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігінің жоқтығы жан-жақты түсіндірілді.
2018 жылғы 7 ақпанда «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Тереңкөл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімі арқылы көрсету туралы» мәселесі бойынша семинар-кеңес жүргізілді, осы іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысты.
2018 жылғы 15 ақпанда ауданның жалпы орта білім беру мектептеріндегі «Информатика» пәнінің мұғалімдері арасында электрондық үкімет порталымен жұмыс бойынша оқыту семинары жүргізілді.
2018 жылғы 5 наурызда мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді, осы іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Тереңкөл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің басшысы мен қызметкерлері және «Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маманы қатысты.
2018 жылғы 20 шілдеде ауданның білім беру бөлімі білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мұғалімдер арасында оқыту семинарын өткізді.
2018 жылғы 24 тамызда Бобровка ауылдық округінің тұрғындары үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті электрондық форматта көрсету және egov.kz «электрондық үкімет» порталын көпшілікке тарату» тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді.
2018 жылғы 28 тамызда Тереңкөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында саны 60 адам мемлекеттік қызметшілердің және аудан білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен семинар-жиналыс өткізілді, онда үшінші тұлғалардың сервисі және телеграм-бот құралдары арқылы бірретік анықтамалар алу мәселесі қаралды.
2018 жылғы 18 қыркүйекте аудан әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ және «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға дөңгелек үстел өткізді, онда әлеуметтік қызметтерді электронды түрде алу және олардың негізгі жаңалықтар мәселелері қаралды.
2018 жылғы 26 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Тереңкөл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Ашық есік күні болды. Аталмыш шараға жер қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында аса талап етілген мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандар, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АЕҚ Павлодар облысы бойынша филиалы Тереңкөл ауданының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің өкілдері қатысты.
2018 жылғы қазан айында аудан мектеп оқушыларының және аграрлы-техникалық колледжінің студенттері арасында «электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына 18 оқыту семинарлар өткізілген.
2018 жылғы 10 қазанда «Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Тереңкөл ауылдық округі Ынталы ауылының тұрғындары арасында «электронды үкімет» порталымен жұмыс дағдыларына халықты үйрету бойынша оқыту семинар-жиналысы өткізілді.
2018 жылғы 12 қазанда «Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ауданның қызмет алушыларына семинар өткізілді, онда жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде қызметтерді электронды түрде көрсету бойынша мәселесі қарастырылды.
2018 жылғы 14 қарашада «Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының тұрғындары арасында «электронды үкімет» порталымен жұмыс дағдыларына халықты үйрету бойынша оқыту семинар-жиналысы өткізілді.
2018 жылғы 6 желтоқсанда Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ғимаратында ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласындағы электронды мемлекеттік қызметтер алу мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті.
Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кең түрде қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызметтерді көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде, көрінетін жерде, стендтерде стандарттар мен регламенттер, сонымен қатар Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және бизнес-үдерістер анықтамалары орналастырылған.
Мүгедектер құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 205 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген.
    
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру бойынша қызмет

Аудан жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалына жолдау тұрақты негізде жүзеге асырылады, оқыту курстарының тақырыбында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері көтеріліп отырады. ХҚКО ААЖ, «Е-лицензиялау»,                           «Е-әкімдік» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу мақсатында, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымдық тұлғаларды оқыту үшін кестеге сәйкес «ҰАТ» АҚ мамандарының Тереңкөл ауданына сапарлары жүзеге асырылады.
2018 жылғы 2 мамырдан бастап 4 мамырға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас мамандар «Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ іс жүргізу жөніндегі бас маманы Қ.Р. Алтаев, 2018 жылғы                     6 маусымнан бастап 8 маусымға дейін «Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Е.С. Рахимжанов, 2018 жылғы 2 шілдеден бастап 4 шілдеге дейін «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бас маманы Б.Қ. Дүйсекенова «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын өтті.
2018 жылғы 22 қаңтардан бастап 26 қаңтарға дейінгі кезеңде «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмысты үйлестіру жөніндегі бас маманы И.В. Дорофеев «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалында оңтайландыру және автоматтандыру жолымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын өтті.
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты 4 маман қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша курстарын өткен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2018 жылғы 23 сәуірде Тереңкөл ауданы әкімдігінің үлкен залында Тереңкөл ауданы мемлекеттік мекемелерінің 2017 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары туралы есептерін көпшілік алдында талқылау бойынша отырыс өткізілді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау

Тереңкөл ауданының мемлекеттік мекемелері қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және алдағы тиімділігі бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Аудан әкімі аппаратының маманы «Е-лицензиялау», «Е-әкімдік» және ХҚКО ААЖ арқылы тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                     8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2018 жылға арналған Тереңкөл ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жұмысты үйлестіру жөніндегі бас маманымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау іс-шаралары өткізіледі, ауданның мемлекеттік мекемелерінде барлығы 8 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінде өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 15 бұзушылық анықталды, 30 нұсқаулық берілді, 30 орындалды.
Тәртіптік жауапкершілікке 7 маман тартылды, оның ішінде:
«Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылының А.Н. Ёлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-нің хатшысы, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданының Береговое ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің маманы, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Текенов атындағы № 2 орта жалпы білім беретін мектебі» ММ-нің хатшысы, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Текенов атындағы № 2 орта жалпы білім беретін мектебі» ММ-нің әлеуметтік мұғалімі, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің директордың оқыту жөніндегі орынбасары, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, ескерту түрінде;
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің әлеуметтік мұғалімі, ескерту түрінде.
    Қызмет алушылардан 2018 жылы Тереңкөл ауданы мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг 2018 жылы жүргізілген жоқ.

5.Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және бұдан әрі тиімділігінің болашағы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін ауданда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет көрсететіндердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есептерін көпшілік алдында талқылау өткізу жоспарланған.
Көпшілік алдында талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.