Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2019 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2019 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
  1. Жалпы ережелер

Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 өзгерістерімен Мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 87 түрі көрсетіледі.

Соның ішінде мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызметтің 14 түрі, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 2 түрі, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің 20 түрі, балама негізде 52 түрі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ақылы негізде 16 түрі мемлекеттік қызмет көрсітіледі.

Тегін негізде 72 мемлекеттік қызмет түрі, ақылы негізде - 8 мемлекеттік қызмет түрі, ақылы/тегін негізде – 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны - 83, бекітілген мемлекеттік қызметтер регламенттерінің саны - 74.

Ең талап етілген мемлекеттік қызметтер:

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында:

1) Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;

2) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

Білім беру саласында:

1) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

2) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;

3) Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования.

Ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласында:

1) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;

2) Ветеринариялық анықтама беру;

3) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту.

2019 жылғы 12 айда Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдары 41 615 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы 3 288 мемлекеттік қызмет;

- балама негізде 5 217 мемлекеттік қызмет;

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде 32 623 мемлекеттік қызмет;

- электронды түрде «Электрондық үкімет» порталы, «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 294 мемлекеттік қызмет;

- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 193 мемлекеттік қызмет көрсетті.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стенділерінде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

1 2

Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізіледі, тоқсан сайынғы негізде Павлодар облысы әкімдігі мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөліміне және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментіне Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есебі жолданып отырады.
Аудан тұрғындарының ақпараттандырылуын арттыру мақсатында аудандық «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен мерзімдері туралы халықты ақпараттандыратын мақалалар мен материалдар жүйелі түрде жарияланып отырады.
2019 жылғы 12 айда 121 мақалалар жарияланды. Аудан әкімінің ресми сайтында «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде осы тақырыпта 19 мақалалар орналастырылды.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру, «Электронды үкімет» порталын дәріптеу, сондай-ақ электронды мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру бойынша 38 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, аудан тұрғындары арасында мақсатқа сай ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Осылайша, 2019 жылғы 1 наурызда Тереңкөл ауданы қоғамдық кеңесінің мәжілісінде С. Торайғыров атындағы ПМУ өткізілген «Павлодар облысының халқын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттандыру деңгейін зерделеу» тақырыбына әлеуметтік зерттеу қорытындылары қаралды.
2019 жылғы 6 наурызда Тереңкөл ауылының Торайғыров көшесінде, Панфилов тұйық көшесінде «Digital agent» мобильді қосымшасын дәріптеу жөнінде баннер орнатылды.
2019 жылғы 12 наурызда «Тереңкөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін семинар өткізілді, онда электронды түрде мемлекеттік қызметті алу мәселелері және әлеуметтік салада мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі қарастырылды.
Ауданда белсенді түрде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуді аудару бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатта аудан қызмет көрсетушілермен Мемлекеттік корпорацияларымен бірге «дөңгелек үстел» мәжілістері өткізіледі. Осылайша, 2019 жылғы 12 және 15 наурызда Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізілді, осы іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің басшысы және мамандары, Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмысты үйлестіру жөніндегі бас маманы, жер қатынастары бөлімінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандары қатысты.
Сондай-ақ «дөңгелек үстелдер» өткізу барысында «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мәселелері қарастырылды, сонымен қатар бөлім мамандары Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі жөнінде кеңестер берді.

 

3 4

2019 жылғы 14 наурызда «Павлодар облысы Тереңкөл ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-інде аудан әкімі аппаратының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметтер алу бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.
Осы іс-шара аясында «Электронды үкімет» порталы және «Mgov» пен «Телеграмм» мобильді қосымшасы арқылы ең көп талап етілетін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Бұл күні кеңестер мен түсініктер ауданның 43 тұрғындарына берілді.

5 6

2019 жылдың 10 сәуірінде «Тереңкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ несиелеу шарттары, мемлекеттік қолдау шаралары, көктемгі-дала жұмыстары бойынша  кеңес өткізілді, сонымен қатар qoldau.kz порталы арқылы субсидия алу бойынша оқу жүргізілді.

7 8

2019 жылғы 12 сәуір - 22 сәуір аралығындағы кезеңде аудан мектептерінде цифрлық сауаттылықты арттыру және «Электронды үкімет» порталымен қолданудың дағдылануына үйрену мәселелері бойынша сынып сағаттарымен, цифрландыру күндері өткізілді.

 

9 10

2019 жылғы 15 сәуірде Федоровка ЖББОМ қызметкерлері үшін Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша семинар – кеңес өткізілді.

2019 жылғы 26 сәуірде дәрігерлік амбулатория қызметкерлері үшін Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша семинар – кеңес өткізілді.

2019 жылғы 14 мамырда округ тұрғындары үшін Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша семинар – кеңес өткізілді.

2019 жылғы 21 мамырда Федоровка ЖББОМ шағын орталық қызметкерлері үшін Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша семинар – кеңес өткізілді.

2019 жылғы 12 маусымда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Федоровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша семинар – кеңес өткізілді.

2019 жылғы 18 маусымда аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмысты үйлестіру жөніндегі маманның, білім мамандарының, білім беру бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорлары мен қызметкерлерінің қатысуымен білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту семинары өткізілді.

2019 жылы 24 маусымда жер қатынастары бөлімінің мамандары және ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2019 жылы 25 маусымда аудандық кітапханада «Ашық есік күні»            іс-шарасы өткізілді, оған Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша Тереңкөл ауданы бөлімінің, әділет басқармасының өкілдері,             «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары қатысты.

Ұялы телефон арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, заңды тұлғаларды тіркеу, тұрғын үй алу, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу ең өзекті мәселелер болып табылды.

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданы бөлімінің басшысы        С.Н. Аюпова «Электрондық үкімет» порталының және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жұмысының тұсау кесерін көрсетті.

Іс-шара барысында ауданның 45 тұрғынына сұрақтар бойынша кеңестер мен түсініктемелер берілді.

11 12

 2019 жылғы 26 шілдеде Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімінің мамандары үшін жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
2019 жылғы 21 тамызда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық әділет басқармасының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.
Аталған іс-шара аясында әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, халықты жұмыспен қамту және заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеу бойынша ақпараты бар парақшалар, «Telegram» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және «Мобильді үкіметте» пайдаланушыны тіркеу бойынша нұсқаулықтар таратылды.
Қамтылған тұрғындар саны 19 адамды құрады.

 

13  14

2019 жылғы 27 тамызда мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оқыту семинары өткізілді.
2019 жылғы 11 қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданы бөлімімен бірлесіп «дөңгелек үстел» өткізілді.
Аталған іс-шара қызметкерлерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ ХҚКО арқылы жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін көрсетуді ұлғайту мәселелері бойынша өткізілді.
2019 жылғы 20 қыркүйекте Тереңкөл аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді, онда мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша, аудан тұрғындары арасында «Электрондық үкімет» порталын танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданы бөлімінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажетті жағдайлар жасау туралы мәселелер қаралды.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және көрсетілетін электрондық қызметтер үлесін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

15 16

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылға арналған ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің келіп түскен тапсырмаларын есепке ала отырып, азаматтар көтеретін жүйелі мәселелерді шешу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментімен және облыс әкімдігімен бірлесіп 2019 жылғы 24 қазанда Тереңкөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Осы іс-шара аясында азаматтарды қабылдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А.Қ. Мұсапирова, Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі басшысының м.а. Р.Н. Бейсембаев, Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқанов, сондай-ақ жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, ветеринария, мемлекеттік кірістер, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсететін ауданның мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Азаматтарды қабылдауға сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданының бөлім басшысы С.Н. Аюпова, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры М.Б. Омаров, Тереңкөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Д.Б. Жұмалинов қатысты.
Іс-шарада «Электрондық үкімет» порталы мен оның сервистерін популяртзациялау бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтарды қабылдау барысында мемлекеттік қызметтер мен тұрмыстық проблемалық мәселелер бойынша 136 түсінік және кеңес берілді. Ең жиі қойылатын сұрақтар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру, кредит берудің мемлекеттік бағдарламалары, ауылдық округті абаттандыру, мобильдік қосымшалар арқылы анықтама алу сияқты болды.
Алғаш рет іс-шара «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Terenkol aqparat» парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Онда азаматтар өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарын қоя алды.

17 18

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес 2019 жылғы 8 қарашада Тереңкөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларындағы әкімшілік кедергілерді оның ішінде: жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесіз жүктеуді; мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын; жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді; азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілген.
Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Аятова және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В.П. Кулик баяндады.
Ұсынылған ақпараттар негізінде Тереңкөл аудандық қоғамдық кеңесі ұсыныстар берді. Бүгінгі күні барлық ұсыныстар орындалды.
Аудандық «Заря» және «Тереңкөл тынысы» газеттерінде тұрғындарды оқыту, мемлекеттік қызметті дербес алу бойынша айдарлар ашылды.
Сондай-ақ, 2019 жылғы 18 сәуірде «Заря» № 16 (9062) және «Тереңкөл тынысы» газеттерінде № 16 (406) «Телеграмм» және «mGov.kz» мобильді қосымшалары арқылы қызмет алу бойынша оқу мақалалары басылып шығарылды.
Аудандық «Заря» газетінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 31 (9071), «Тереңкөл тынысы» газетінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 31 (421), Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтында, «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» парашасында және «Инстаграм» әлеуметтік желісінде «Terenkol aqparat» парашасында «Электрондық үкімет» порталын насихаттау бойынша мақалалар жарияланды.
Аудандық «Заря» газетінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 49 (9089), «Тереңкөл тынысы» газетінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 49 (439), 2019 жылғы 5 желтоқсанда Тереңкөл ауданы әкімдігінің ресми сайтында, 2019 жылғы 24 қарашада «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Terenkol audany ishki sayasat» парақшасында және «Инстаграм» әлеуметтік желісінде «Terenkol aqparat» парақшасында «Digital Agent» мобильді қосымшасын насихаттау бойынша мақалалар жарияланды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданы бөлімінің ғимаратында және Тереңкөл ауылының led-экранында «Электрондық үкімет» порталы мен оның сервистерін танымал ету бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

19 20

Тереңкөл ауданында 42 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, оның ішінде 3 кітапханада, 12 ауылдық округ әкімдігінде, 4 дербес бөлімінде және 23 мектепте жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілуіне жауапты мамандарымен электрондық қызмет үлесін арттыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

 

23 24

Мүгедектер құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілген.
Тереңкөл ауданында мемлекеттік қызметтер бойынша 3 баннер орналастырылды, оның ішінде «Digital agent» мобильді қосымшасын танымал ету бойынша 1 баннер Тереңкөл ауылында орналасқан, «Электрондық үкімет» порталын танымал ету бойынша 2 баннер Верненка ауылдық округінің Львовка ауылында орналасқан.

 

25 26

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру бойынша қызмет
Аудан жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалына жолдау тұрақты негізде жүзеге асырылады, оқыту курстарының тақырыбында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері көтеріліп отырады. «ХҚКО» ААЖ, «Е-лицензиялау», «Е-әкімдік» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу мақсатында, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты лауазымдық тұлғаларды оқыту үшін кестеге сәйкес «ҰАТ» АҚ мамандарының Тереңкөл ауданына сапарлары жүзеге асырылады.
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Павлодар облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты 1 маман біліктілігін арттыру бойынша курстарын өткен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2019 жылғы 8 сәуірде Тереңкөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Тереңкөл ауданы мемлекеттік мекемелерінің 2018 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары туралы есептерін жария талқылау бойынша отырыс өткізілді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау
Тереңкөл ауданының мемлекеттік мекемелері қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және алдағы тиімділігі бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жұмысты үйлестіру жөніндегі бас маманы «Е-лицензиялау» АЖ, «Е-әкімдік» АЖ және «ХҚКО» ААЖ арқылы тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2019 жылға арналған Тереңкөл ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жұмысты үйлестіру жөніндегі бас маманымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау іс-шаралары өткізіледі, ауданның мемлекеттік мекемелерінде барлығы 8 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінде өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 184 бұзушылық анықталды, 39 нұсқаулық берілді, барлығы орындалды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың 7 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2019 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуде 58 қызметалушыларға бас тартылды, оның ішінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет бойынша – 53 бас тарту, «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша – 5 бас тарту. Барлық бас тартулар дәлелді.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және бұдан әрі тиімділігінің болашағы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау үшін ауданда 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қызмет көрсететіндердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есептерін жария талқылау өткізу жоспарланған.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.