Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің заң қызметі азаматтық жағдай хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтің 10 түрін көрсетеді. Солардың бірі «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты № 219 бұйрығымен бекітілген.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысанда некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қосымша ақпарат алу үшін 21460 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ