Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Телеграмм-бот және mGov.kz қосымшалары арқылы қызметтерді қалай алуға болады
Телеграмм-бот және mGov.kz қосымшалары арқылы қызметтерді қалай алуға болады

file_7

file

 

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміндегі 752 –ден 506 мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді. Жыл сайын электрондық қызметтердің үлесі артуда, 2020 жылы электрондық қызметтер 90%-ға жетуі тиіс.
Сонымен, бүгінгі күні қызметтерді смартфон арқылы «Телеграмм-бот» мессенджер немесе mGov.kz. мобилді қосымшасы арқылы алуға болады.
Мобилді қосымшалар көптеген онлайн қызметтерді алу үшін қолайлы арналар болып табылады.
Қазіргі уақытта «Телеграмм-бот» (@EgovKzBot) көмегімен мемлекеттік қызметтердің 24 түрі бар. Оларға мекенжай анықтамаларының, зейнетақы аударымдарының куәліктері, психо-наркологиялық диспансердің анықтамалары, сондай-ақ кезекті онлайн тәртібінде брондау, үй қоңырауы арқылы дәрігерді шақырту және т.б. қызметтер кіреді.
Қазіргі уақытта 90 мемлекеттік қызмет көрсету қол жетімді mGov.kz мобильді қосымшасы арқылы білім беру, отбасылық, жылжымайтын мүлік денсаулық сақтау және т.б. салаларында бар. Статистикаға сәйкес 2018 жылы mGov.kz қосымшасына 1,3 млн. рет жүктелді.
Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.
Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» порталында бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. ЭЦҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарында алуға болады.
«Телеграмм-бот» мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @EgovKzBot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.
Қызметтерге көрсетілген команда-батырмаларының көмегімен бастағаннан кейін бірден сұрау жіберуге болады, қажетті қызметті. Оның параметрлерін таңдап сұратуды қабылданған SMS-код арқылы растаңыз. Мәртебесін тексерген соң, сұратым дайын болған жағдайда, оны жүктеп алуға не қалаған электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады.
SMS-кодты алуға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны арқылы Бірыңғай байланыс-орталығымен хабарласып телефон нөмірін, ұялы байланыс операторының атауын және кеңесшіге телефон нөмірі бір оператордан басқа операторға ауыстырылғаны туралы мәліметтерді хабарлау қажет.
Смартфондары мен планшеттері бар пайдаланушылар үшін mGov.kz қосымшалары да қолжетімді. «Мобильдік үкіметтің» қызметтері мен сервистерін пайдалану үшін App Store, Google Play Маркет, Microsoft Store дүкендерінде мобильдік қосымшасын жүктеп алу қажет.
Бірреттік парольдің көмегімен қызметті алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы авторландырылған пайдаланушы «мобильді заматтар базасында» тіркелген ЖСН және ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет, содан кейін алынған бірреттік парольді арнайы алаңға енгізу қажет. Пайдаланушының жеке кабинетінде не болмаса «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарына өтініш білдіріп, телефонның нөмірін ЖСН-ге бекітуге болады.
Мобильдік қосымшалар арқылы қазметтерді алудың үдерісі өте оңай, жылдам және ыңғайлы. Қосымшалар арқылы қолжетімді қызметтер саны бірте-бірте кеңейеді.

 

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ