Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

«Тереңкөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
2) www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал).
Мемлекеттік қызмет көрсету шарттары: құжаттар топтамасын қызмет жеткізушінің қызмет алушысына немесе порталға жеткізген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалға алу шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжат.
Порталға:
1) тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалдау шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Толық ақпарат алу үшін Тереңкөл ауылы, 238 Тәуелсіздік көшесі мекен-жайына, 21-3-29 телефоны бойынша «Тереңкөл аудандық ветеринария бөлімі» ММ-не хабарласуларыңызды сұраймыз.