Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін және ауыл аумақтарын одан әрі дамыту мақсатында, ауылдық аймақтарға білікті кадрларды тарту үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Мөлшері № 183 қаулысымен айқындалды, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету Қағидалары № 72 бұйрығымен бекітілген.

Ауылдық елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешеннің мекемелерінде үш жылдан кем емес жұмыс істеу шарты Келісімінің негізінде көрсетілген санаттағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Қаулымен анықталған әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
- 70 АЕК мөлшеріндегі көтерме жәрдемақы (2019 жылы бұл сома 176750 теңгені кұрайды);
- тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-тен (2019 жылы – 3787500 теңге) аспайтын сомада кредит сомасының жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 (он бес) жыл мерзiмге бюджеттік кредит.
Үкіметтің осы қаулысын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Тереңкөл ауданы әкімдігімен ауданның мәслихат депутаттарынан, ауданның атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. «Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман Әкімшілікке өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн, бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн, сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін), көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәлеметтерді, тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын, неке туралы куәлік көшірмесін (некеде тұрған мамандар үшін), аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтаманы, маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні, кепілге қойылған мүлікті бағалау актісін, кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шартын, берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісімді ұсынады.
Құжаттарды қабылдау баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар түпнұсқа және салыстыру үшін көшірме түрінде беріледі, салыстырғаннан соң түпнұсқалар маманға қайтарылады.
Қосымша ақпараттар үшін «Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сіне хабарласу қажет, біздің мекенжайымыз: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172, 306 кабинет, телефон 21169.

«Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ