Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметі

Мемлекеттік қызмет «Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – бөлім) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және тікелей бөлімде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күнінен аспайтын, дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күн.
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Бөлімнің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, дүйсенбі жұманы қоса алғанда. Сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсету нәтижесін беру күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзілісімен 172 Елгин көшесі, 301 каб., «Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылады. Тел.: 21-5-00.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); өзгертілетін үй-жайға өтініш берушінің меншік техникалық төлқұжаты (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі), эскиз (эскиздік жоба) болжамды өзгерістер жоспарымен; объекті иесінің (тең меншік иесі) белгіленген өзгеріске және оның параметріне жазбаша келісімі.

«Тереңкөл ауданының сәулет,
қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ