Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтері
«Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

«Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
1. «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрса;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса.
2. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігі.
Қызмет көрсету уақытты 15 минут.

«Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ