Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет

Жерге орналастыру жобасы – Тереңкөл ауданында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі.
Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімінің ақпаратына сәйкес, ауданда жерді басқару жобасы жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастары саласындағы ең көп тапал етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында белгіленген жер учаскесіне құқық беру тәртібінің бірі болып табылады. Жерге орналастыру жобасында жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесі, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы, жер учаскелерінің ірлегес иелері мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат, жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы ақпарат бар.
Өтінім беруші жер учаскесіне құқық беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде құжатты ұсынады және оны жер участкесінің орналасқан жеріндегі Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөліміне (қызметті берушіге) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттына сәйкес бекітуге ұсынады.
Бұл қызметтің мерзімі - жеті жұмыс күні. Өтініш беруші: белгіленген формада өтініш беру тиіс, жеке куәлік (жеке сәйкестендіру үшін қажет), жерге орналастыру жобасы, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымы объектілерін салу үшін жер теліміне өтінім болған жағдайда мұнай және газ тамалдау инфрақұрылымы саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органымен келісу туралы құжат.
Қызмет алушысы «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» немесе «электрондық үкіметтінің» веб-порталында.
Жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жер учаскелерін бөлу (біріктіру), жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі (конфигурация, шекаралар, аудан), мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою немесе сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.