Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет

Тереңкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4 қызметтік түрлерін атқарады, оның біреуі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет көрсету қызметтік түрлерін атқарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәурдегі № 319 бұйрығы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емесакционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі -портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күндізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі- кезекттің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Толық мәлеметтер алу үшін «Тереңкөл ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы: Тереңкөл ауылы, Елгина көшесі 172, 1 қабат, № 108 кабинетте немесе 8 (71833) 21885 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.