Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтері
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтері

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы азаматтар Қазақстандағы 741 мемлекеттік қызметтің ішінен 598-ін алуы мүмкін. 454 мемлекеттік қызмет электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде қолжетімді.
Ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік корпорация арқылы шамамен 28,5 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде 10 млн-нан аса қызметті азаматтар ХҚКО-дағы өзіне қызмет ету секторларында өздігінен алды.
Ағымдағы жылы Азаматтарға арналған үкімет республика бойынша 4 сандық ХҚКО ашты (Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай).

Проактивті қызметтер

Ағымдағы жылғы 10 айда 100 мыңнан аса әйелдер проактивті нысанда баланың тууы бойынша мемлекеттік қызметтер ресімдеу ұсынысымен SMS-хабарламаларға жауап берді, оның ішінде 59 мыңға жуық туу туралы куәлікті ресімдеді, 18 мыңға жуық балалар балабақшаға кезекке қойылды және 11 мыңнан аса әйелдер әлеуметтік жәрдемақының 2 түрін ресімдеді.
Одан басқа, қазіргі уақытта баланың тууы бойынша проактивті қызметтер телеграм-ботта қолжетімді. Телеграм-бот арқылы туу туралы куәлікке 3 мыңнан аса балалар тапсырыс беріп, алды. 1,3 мыңнан аса балалар балабақшаға кезекке қойылды және мың жарымнан асаәйел әлеуметтік жәрдемақы ресімдей алды.

Автомобилисттерге онлайн-қызметтер

Азаматтардың оңтайлығы үшін ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, автокөлікті тіркеудің онлайн мүмкіндігі қозғалды. 4 айда арнайы ХҚКО бармай онлайн режимде 2,5 мың көлік құралдары тіркелді. Сондай-ақ, электронды үкімет порталында жүргізуші куәлігін ауыстырудың онлайн мүмкіндігі пайда болды. Жыл басынан осы қызметті 10 мыңға жуық қазақстандықтар пайдалана алды.