Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу артықшылығы
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу артықшылығы

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу артықшылығы

Тереңкөл ауданының жергілікті атқаршуы органдары 95 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алуға өтінімді қабылдау қызмет ұсынушылар - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам Павлодар облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тереңкөл ауданының бөлімі, www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметті қызмет ұсынушы арқылы алған жағдайда мемлекеттік органға қағаз тасығыштағы құжаттармен өтініш білдіру, кезекте тұру және құжаттарды толтыруға едәуір уақыт кетіру қажет. Дегенмен, мемлекеттік қызметті электронды түрде алу осы проблемаларды жояды. Қазіргі уақытта көптеген қызметтерді жылдам, қарапайым және сапалы алу үшін олар электронды түрге ауыстырылған.
Бүгінгі күні интернет-сала қарқынды дамып келеді, бұл интернет-пайдаланушылар санының өсуіне, онлайн-қызметтерге жоғары сұраныс болуына оң әсерін тигізуде.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсынуға көшу сыбайлас жемқорлық қауіптерін төмендетеді, мемлекет пен азаматтардың уақыт пен қаржы шығындарын қысқартады.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу ресімдер мерзімін қысқартады, олардың жедел орындалуымен, барлығы және әрқайсысы үшін қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қызметті алуға сұранысты пәтеріңізден шықпай және жұмыстан сұранбай- ақ қойып жасауға болады.
Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу үшін қызмет алушыға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарынан алынған электронды-сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) бар болғаны қажет.
Сондай-ақ, «мобильдік үкімет» жобасы аясында mGov мобильдік қосымшасы әзірленді, ол мемлекеттік қызметтерді алуға қосымша канал болып табылады және мемлекеттік органдардың 50-ден астам электронды қызметтері мен сервистері бар.
Смартфондары мен планшеттері бар пайдаланушылар үшін қосымшалары да қолжетімді. «Мобильдік үкіметтің» қызметтері мен сервистерін пайдалану үшін App Store, Google Play Маркет, Microsoft Store дүкендерінде мобильдік қосымшасын жүктеп алу қажет.
Бірреттік парольдің көмегімен қызметті алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы авторландырылған пайдаланушы «мобильді заматтар базасында» тіркелген ЖСН және ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет, содан кейін алынған бірреттік парольді арнайы алаңға енгізу қажет. Пайдаланушының жеке кабинетінде не болмаса «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарына өтініш білдіріп, телефонның нөмірін ЖСН-ге бекітуге болады.
Бүгінгі күні ұялы телефонның көмегімен мекенжай анықтамасын алуға, балабақшаға кезекке тұруға және оның қозғалысын қадағалауға болады. Сондай-ақ мүлікке, көлікке салық, пеня, коммуналдық қызметтер төлемдерін, айыппұлдар, сондай-ақ жолда жүру ережелерін бұзғандығы үшін төлемдер жүргізуге болады, сонымен қатар дәрінің атауы бойынша жақын арадағы дәріхананы табуға болады.
Электронды қызметтерді алудың ең басты ерекшелігі тәулік бойы қолжетімділігі (мемлекеттік қызметті алу туралы өтінішті тәулік уақытына, мереке және демалыс күндеріне қарамастан кез келген уақытта беру); сізге ыңғайлы кез келген жерден кез келген электронды жабдықты пайдаланып, Интернет желісі арқылы қызметті алу (компьютер, планшет, ұялы телефон); жұмыс уақытын үнемдеу; кезектің жоқтығы; жедел ақпараттандыру; қолдау қызметінің бар болуы; есептіліктің жеткізілуінің расталуы; жемқорлықтың жоқтығы, өйткені өтініш иесі қызметті алу үшін тікелей ведомствоға өтініш білдірмейді; өтінішті өңдеу бойынша жұмыстың кез келген сатысында ақпараттандыру; бланкілерді толтыру кезінде қателерді болдырмау; қызмет алудың тіркелген мерзімі болып табылады.
Жеке кабинетте толтырылатын барлық ақпарат сенімді қорғалған және мемлекеттік қызметті ұсыну үшін ғана қолданылады.
Мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету тәртібі туралы ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталында, mGov мобильді қосымшасында орналастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы 8-800-080-7777, 1414 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.
Тереңкөл аудан әкімінің аппараты