Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
«Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

«Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті № 181/6 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегімемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 198 бұйрығымен бекітілген.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің кеңсесі арқылыжүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
«Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты 23-5-32, 21-4-94 қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Тереңкөл ауылдық округі
әкімінің м.а.

                                                                                                           Д. Айтышев