Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың аттестациясы» мемлекеттік қызметі
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың аттестациясы» мемлекеттік қызметі

Мемлекеттік қызмет «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың аттестациясы»

 

 «Качир ауданының ветеринария бөлімі» ММ «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың аттестациясы»мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Өтініштер және мемлекеттік қызмет көрсетудің шешімі: www.egov.kz,www. elicense.kz (бұдан әрі - портал) веб-портал қызмет көрсету канцеляриясы арқылы қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: қызмет алушы құжаттарды беру күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуына дейін – аттестация кестесіне сәйкес қамтылады;

Аттестация екі күңде өтеді: тестілеу және әңгімелесу, олар бір күнде өткізіледі.

Қызмет алушы тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайда екінші кезеңге (әңгімелесу) өтпейді. Тестілеуден қайта өтуге осы мемлекеттік қызмет стандартынан белгіленген бірінші тестілеуден өткен кезіңнен 6 (алты) айдан кейін өтуге болады.

Екінші әңгімелесуге өтуге лайық -комиссия шешімі бойынша. Қайта әңгімелесу бірінші әңімелесуден кейін 1 (бір) ай өткесін өткізіледі. Аттестациядан өтпеген кезде қызмет алушы аттестация нәтижелерін алу күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қайта аттестацияға қатыса алады. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі –шешімі көрсетілген аттестаттау парағы: 1) аттестациядан өтті; 2) қайта аттестаттауға жатады; 3) аттестациядан өтпеген. Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімін: қызмет көрсетушіге: осы мемлекеттік стандарт қызметі бойынша қосымшаға сәйкес өтініш; жеке куәлігі (идентификация үшін); соңғы үш жылда біліктілікті жоғарлату курсынан өту туралы сертификаттың көшірмесі; ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы дипломның көшірмесі (бар болса); порталға: осы мемлекеттік стандарт қызметі бойынша қосымшаға сәйкес электронды құжат түрінде өтініш, қызмет алушының ЭСҚ; соңғы үш жылда біліктілікті жоғарлату курсынан өту туралы электронды сертификаттың көшірмесі;ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы дипломның электронды көшірмесі (бар болса); Жеке куәлікті, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы, жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркелуді шлюз «электронды үкімет» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Толық ақпарат алу үшін 21-3-29 нөміріне телефон шалыңыз.

 

«Качир ауданының ветеринария бөлімі» ММ

басшысы Т.М. Анапиянов