Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар «Электрондық үкімет» порталы
«Электрондық үкімет» порталы

«Электрондық үкімет» порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бір терезе принципі бойынша жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір нүктесі: өкіметпен ашық диалог, құпиялылық, мемлекеттік орындар мен азаматтардың кері байланысын орнату.
«Электрондық үкімет» веб-порталын құруға Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10-шы қарашада №1471 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құру туралы мемлекеттік бағдарламасы» туралы Үкімі негіз болды. «Электрондық үкімет» порталы 2006 жылы іске қосылды.
«Электрондық үкімет» порталы — азаматтар мен бизнес қажеттіліктері үшін:
Егер Қазақстан Республикасының азаматы отбасы құрғысы келсе, ол порталда некені тіркеуге өтініш бере алады, АТӘ ауысқанын тіркей алады; жүктілік демалысы мен жәрдемақырал туралы қажетті ақпаратты ала алады; туу туралы анықтама мен куәлікті ала алады; бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды тапсыра алады; баланы балабақша кезегіне тұрғыза алады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматы өз бизнесін бастауды жоспарласа, ол порталда өз бизнесін тіркей алады; тіркелген заңды тұлға, бөлім немесе өкілдік туралы анықтама ала алады; лицензиялау, кеден қызметтері мен Қазақстандағы тауар экспорты/импорты туралы пайдалы ақпарат таба алады; өз қызметіне электронды лицензия алуға тапсырыс беріп, оны ала алады.
«Электрондық үкімет» порталының пайдалану үшін электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ ақпараттық қауіпсіздік пен жасалып жатқан әрекеттер лигитимділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері: компьютер мен Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар болғанда – www.egov.kz мекенжайы бойынша, «mGov», «Telegram» мобильдік қосымшалар арқылы (AppStore/Playmarket-те тегін), қоғамдық қолжеткізу пунктілеріне, еліміздің кез-келген қалаларындағы, аудандардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарда, 1414, 8 800 080 7777 нөмірлері бойынша Бірыңғай – байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы жоспарлануда.
«Электрондық үкімет» порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік SMS-парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 45 қызмет қолжетімді.
Қызметті бір реттік SMS-пароль арқылы алу үшін, www.egov.kz порталында авторизациядан өткен қолданушыға ЖСН және «мобильдік азаматтар қорында» тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсету қажет, содан соң алынған бір реттік SMS-парольді арнайы жолға енгізу керек. Телефон номірін ЖСН-ға бекітуді қолданушының Жеке кабинетінде немесе ХҚКО-да жүзеге асыруға болады.
«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ