Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты халыққа келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді
Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты халыққа келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді

1) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
2) «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу)»:
3) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
4) «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;
5) «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»;
6) «Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу»;
7) «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»;
8) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Мемлекеттік қызметтер алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»:
1. елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2. жер учаскесінің орналасу схемасы;
3. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу)»:
1. өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін өтеусіз берілген жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі.
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі.
«Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін бөліп-бөліп сатуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі.
«Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу»:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау шарттарын жасасуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Сондай-ақ, әкімдікте халыққа өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір тұрғын электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік смс-пароль көмегімен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті ала алады.

М.Мирманов, Октябрь ауылдық округінің әкімі