Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Халыққа қызмет көрсету Ақпараттар Калиновка аулдық округі әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері
Калиновка аулдық округі әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері

Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты халыққа келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
3. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және стандартқа сәйкес жеделдетіліп , кезек тәртібімен қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»:
1.Ауылда объектіні салу үшін жерге құқықты ұсыну туралы өтініш;
2. Жер учаскесінің орналасқан жобасы;
3. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»:
1. Өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
1. Өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкес тендіру үшін талап етіледі);
3. Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не ҚР тыс жерде туылған жадайда жағдайда баланың туу туралы куәлігі;
4. Оқу орнынан анықтама.
Қызмет көрсету уақыты – 5 жұмыс күн ішінде.
Сондай-ақ, халыққа өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір тұрғын элктрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль көмегімен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті ала алады.

 

Қ.Б. Қаббасов, Калиновка ауылдық округі әкімі