Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Аудан әкімі

4 

Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы - 1965 жылы Павлодар облысының Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар экономика магистрі, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежелері бар.
Ернұр Әйткенов еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Осы жылдардың ішінде түрлі қызметте жұмыс істеді, оның ішінде басшылық лауазымдарда да қызмет етті. 1997-1998 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы департаменті бөлімінің басшысы, 1998-1999 жылдары Железин ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2006-2010 жылдары Май ауданының әкімі, 2010-2014 жылдары Баянауыл ауданының әкімі болған. 2014 жылдың қазан айынан бастап екі жылдай Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2017 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы желтоқсанға дейін Павлодар облысы Аққулы ауданының әкімі.
2018 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі болып тағайындалды.