Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық мақалалар «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша мақала
«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша мақала

Тереңкөл ауданының білім беру мекемелері ауданның құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының «сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы мен партиялық «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасы» іске асыру бойынша ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар өткізіп, қолданады.
«2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» партиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім беру мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет (балабақшаларға кезекке қою, қорғаншылық пен қамқоршылық бойынша анықтамалар беру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу) balabaqsha.sitcen.kz, egov.kz электронды портал және ХҚКО арқылы жүзеге асады.
Азаматтардың сенімдерін нығайту, білім беру қызметтерін көрсету кезіндегі айқындылықты арттыру мақсатында білім беру бөлімінің сайтында электронды сенім жәшігі жұмыс жасайды, «Сенім телефоны 8(71833)24809». Сенім телефонының нөмірі ауыл тұрғындарына аудандық газеттер арқылы жеткізіледі.
Мектеп оқушыларының ата-аналарынан заңсыз ақша қаражатын жинауды болдырмау үшін қамқоршылық кеңесімен келесі жұмыстар жүргізіледі:
- «Білім берудегі сыбайлас жемқорлық» ата-аналармен сауалнама;
- білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға бақылау.
Білім беру бөлімінің басшысы «Өзіңнен баста» республикалық акциясына қатысады.
Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақстында сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс білім беру мекемелерінің тұрақты бақылауында.

 

«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» КММ