Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық мақалалар «Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы» ақпаратты
«Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы» ақпаратты

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізінде жер қатынастары бөлімі осы Заңның және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында келесі жұмыстарды жүргізуде.
Есепті кезеңде бөлімнен жеке және заңды тұлғаларға жер телімдеріне құқық алу бойынша 17 мемлекеттік қызмет көрсетті. Жер телімдеріне құқық алу жөніндегі аудандық жер комиссиясының 4 отырысы онлайн трансляция режимінде Фейсбукта өткізілді. 28 мәселе қаралды, оның ішінде 18 - жер учаскелерін жер пайдалануға және меншікке беру бойынша; 10 - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша.
Ғимаратта мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік бар. Есептік кезеңде шағым түскен жоқ.
Жер қатынастары бөлімінің кабинетінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағысы келетін барлық азаматтар үшін сенім телефоны орнатылған, сенім телефонының нөмірі аудандық «Заря» және «Тереңкөл тынысы» газеттерінің беттерінде жарияланады. Есептік кезеңде шағым түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау аясында бөліммен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша 1 конкурс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бөлімнің мемлекеттік қызметтері ХҚКО және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Ағымдағы күнге бөліммен 58 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 50 - жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша; 8 - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге түпкілікті шешім беру бойынша.
Халықты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында тұрақты негізде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы мақалалар жарияланады.
Өткен кезеңде атқарылған жұмыстар нәтижесінде жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары жоқ.

Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі