Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Тереңкөл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

Санитарлық ережелерге сәйкес кір жуу орындарына келесі талаптар қойылады:
Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Өз-өзіне қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-тапсыру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді. Кірді қабылдау-тапсыру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олар үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігімен және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлармен жабдықталады.
Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын көздейді және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейді.
Жабдықталған жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сондай-ақ кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымында жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсия градус (бұдан әрі – оC), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етеді.
Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді.
Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс. Үсті дезинфекцияланады.
Инфекция жұқтырылған төсек жабдықтары өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
- инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;
- төсек жабдықтарын қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
- инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын суға жібітіп қою төсек жабдықтарын іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
- жуу алдында және жуу кезінде төсек жабдықтары зарарсыздандырылады.
Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жеке легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
Тұтынушыға беру кезінде бұйымдар орамдалады.