Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Тереңкөл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Санитарлық ережелерге сәйкес моншалар мен хауыздарға келесі талаптар қойылады:
Моншалар мен хауыздар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады.
Монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.
Моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі.
Шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын құралдармен жабдықтау және әрлеу жұмыстары нормалау құжаттарына сәйкес орындалады.
Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.
Моншалар мен хауыздарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған қатты жартылай қатты және жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға жол берілмейді.
Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Жуыну үшін ағаш легендер қолдануға жол берілмейді.
Моншалар мен хауыздарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
Моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.
Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.
Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.
Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
Монша мен хауыздарда жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге, моншаның пайдаланылуына қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға жол берілмейді.