Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Хабарлама сипаты кәсіпорындарымен жұмыс шағын және орта бизнес

"Тереңкөл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ (санитарлық эпидемиологиялық бақылау және қадағалау) ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 21-1 бабының 3 тармағы негізінде эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің (пайдаланудың) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2017 жылғы 17 қарашадағы №836 бұйрығымен бекітілген.
Бұйрыққа сәйкес эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге жатады:
1) техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері;
2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
3) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері;
4) халыққа компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктар) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;
5) отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері;
6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;
7) тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
8) кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері;
9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон бұйымдарын өндіру объектілері;
10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинактарды, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корнды, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері;
11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;
12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері;
13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері;
14) крахмал-сірнелі өнімдерді, крахмалды өндіру объектілері;
15) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
16) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау объектілері;
17) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшектеп өткізу объектілері;
18) медициналық жедел жәрдем және санитариялық авиация денсаулық сақтау объектілері;
19) апаттар медицинасы денсаулық сақтау ұйымдары;
20) паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін денсаулық сақтау объектілері;
21) дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілері;
22) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін көрсететін объектілер;
23) шаштараздар, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынды бұзбай косметикалық қызметтерді, оның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер көрсететін косметологиялық орталықтар;
24) сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, моншалар, сауналар;
25) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері (мәдени-ойын-сауық объектілері, зират, жерлеу мақсатындағы объектілер, адамдар уақытша тұратын объектілер (қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), әкімшілік, тұрғын (баспана) ғимараттары, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту орындары, тазарту құрылыстары және өзгелері);
26) қызмет көрсететін халықтың саны 2 мың адамға дейінгі орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;
27) су құбыры, кәріз, жылу жүйелеріне, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;
28) кәріздік тазарту құрылыстары және олардың желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
29) өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 3-5 қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері (химиялық өндірістер, металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері, кен, кенсіз қазбаларды, табиғи газды өндіру, құрылыс өнеркәсібі, 3 және 4 қауіптілік сыныбының уытты өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму полигондары, сағатына 120 килограммға дейін медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, сұрыптау, қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату (өртеу) объектілері, минералды отынды жағу кезіндегі электр және жылу энергиясының өндірісі, байланыс объектілері және радиотехникалық объектілер (жиілігі 27 – 2400 мегагерц диапазондағы жер бетіндегі жылжымалы радиобайланыс құралдары (радиостанциялар), көлік құралдарында (ұшу аппараттарында, теңіз және өзен кемелерінде, поездарда) орнатылған таратушы радиотехникалық объектілер мен радиостанциялар, таратқыш қуаты 2 ваттқа дейінгі WLL-диапазондағы құрылғылар (сымсыз абоненттік қолжетімділік), сүрек өңдеу, тоқыма өндірістері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері, автомобильге май құю станциялары);
30) саябақтар;
31) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарында көзделгеннен төмен маңыздылығы ең аз белсенділігі бар иондаушы сәулелену көздері бар радиациялық объектілер, радиоактивті қалдықтар;
32) тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, автомобиль, су және әуе);
33) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, гигиеналық құралдарды сақтауға арналған қоймалар;
34) парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және гигиеналық құралдарды өндіру объектілері;
35) азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері;
36) патогендігі І-ІV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге объектілерді қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру және elicense электрондық порталы арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажет.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 463 – бабына сәйкес кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 246 "а", тел.21-4-4-48, 21-9-67 мекенжайы бойынша орналасқан "Тереңкөл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ-нен кеңес және толық ақпарат ала алады.