Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

ӨЗІҢДІ ЭХИНОКОККОЗДАН ҚОРҒА

Адамдарда гельминтоз ауруының әр түрі кездеседі. Солардың ішінде адам өміріне ең қауіптісі эхиноккоз болып саналады. Бұл індет негізінен адамдарға иттерден жұғады. Ал иттер эхинококкозбен індеттенген ауылшаруашылық (қой, сиыр, шошқа) малдарының ішкі ағзаларын жегенде жұқтырады.
Эхинококкоз жұмыртқалары жұқтырған иттердің үстінде, құйрығында, аяқтарында кездеседі. Егер адам эхинококк жұқтырған итті сипалап, сосын қолын сабындап жумай тамақ жесе, эхинококкозбен ауруы мүмкін.
Эхинококк жұмырқаларымен ластанған жеміс-жидектерді жумай жесе, ашық су айдындарынан алынған суды қайнатпай ішсе адамдар эхинококкозбен ауырады. Эхинококк жұмырқалары шөп, пішен және су арқылы ауылшаруашылық малдарының ағзаларына өтеді.
Адам эхинококкозбен індеттенгенде оның бауыры, өкпесі және басқа да ағзалары ауырады. Адам өмірін эхиноккоздан қорғауға тек қана хирургиялық әдіс қолданылатындықтан, бұл қауіпті індет болып саналады.
Адамдарда эхинококкозды болдырмау үшін не істеу керек.
Ең алдымен итті мал дәрігеріне көрсетіп, дұрыс күтімде ұстау керек, әр тоқсан сайын эхинококкозға қарсы дәрі-дәрмек беру қажет.
Итке ауылшаруашылық малдарының шикі ағзаларын бермеген жөн, өйткені оларда эхинококкоз індетінің қоздырғыштары кездесуі мүмкін.
Итті байлап ұстау қажет.
Иттің асхангаға кіруіне, төсекке жатуына, бетті жалауына жол бермеу керек.
Жеке бастың гигиена ережелерін сақтауды ұмытпаңыз-итті әр ұстағаннан кейін қолды сабындап жуып тұрыңыз, жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су көздерінің суын қайнатпай ішпеңіз.
Осы аталған ережелерді орындау, Сізді және Сіздің жақындарыңызды
қауіпті індеттен қорғайды!

РГУ «Управления контроля качества и
безопасности товаров и услуг района Тереңкөл»