Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ 2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі
2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі

 2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;
- жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге болды.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz