Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Менің атам кәрілік салдарынан ақыл-есін жоғалту ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Мен оның қамқоршысымын. БЖЗҚ-дан оның шоты бойынша үзінді көшірме алсам деп едім. Бұл үшін құжаттар тапсыру керек?
Менің атам кәрілік салдарынан ақыл-есін жоғалту ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Мен оның қамқоршысымын. БЖЗҚ-дан оның шоты бойынша үзінді көшірме алсам деп едім. Бұл үшін құжаттар тапсыру керек?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес психикалық аурулар немесе кемақылдылық салдарынан өз әрекетінің мәнін түсінбейтін немесе өзін басқара алмайтын азаматты сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін. Осыған байланысты оған қамқоршы тағайындалады. Ол іс-әрекетке қабілетсіз адамның атынан мәміле жасауға құқылы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшы мен алушының (инвестициялық табысты ескере отырып) зейнетақы жинақтары туралы ақпарат мына құжаттар ұсынылған жағдайда беріледі:
1) әрекет етуге қабілетсіз/әрекет ету қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);
2) заңды өкілдің жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);
3) заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz