Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Тереңкөл ауданының әділет басқармасы Патенттік сенім білдірілген өкілдер. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің құқықтары мен міндеттері
Патенттік сенім білдірілген өкілдер. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің құқықтары мен міндеттері

Патенттік сенім білдірілген өкіл өз аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы болуға құқылы. Патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу кандидат патенттік сенім білдірілген өкілдің берген куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Патенттік сенім білдірілген тұлғаларға кандидаттарды аттестаттауға жіберілмейді:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын; уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын); қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен алып тасталғандар.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен тоқтатыла тұрады:
патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңінде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, оның хаттамалық шешімімен қайта жаңартылады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш берушінің өкілі ретінде уәкілетті органмен және сараптама жасау ұйымымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) тауар таңбасының иесі де дербес жүзеге асыра алады.

 

 

Тереңкөл ауданаралық
Әділет басқармасының басшысы
«Қазақстан заңгерлер одағы»
РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі А.К.Сергазинов