Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Тереңкөл ауданының әділет басқармасы «Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу туралы»
«Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу туралы»

Әділет басқармасымен заңды тұлғаларды тіркеу саласында 2019 жылғы 26 маусымдағы №349 заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
2) заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;
3) заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне сондай-ақ акционерлік қоғамына жатпайтын заңды тұлға, жарғысының (ережесінің) филиалдар мен өкілдіктердің телнұсқасын беру;
5) жеке кәсіпкерлік субъектісіне, сондай-ақ акционерлік қоғамына жатпайтын олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелер заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;),
6) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару,
7) «заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру.
Мемлекеттік қызметті коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қатысты Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) ақылы көрсетіледі. Төлем "электрондық үкіметтің"төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

Тереңкөл ауданаралық
Әділет басқармасының басшысы
«Қазақстан заңгерлер одағы»
РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі А. Сергазинов