Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Мемлекеттік тілдің маңызы

Мемлекеттік тілдің Мәртебесі ҚР Конституциясында айқындалған мемлекеттік тілдің рөлі мемлекет үшін қашанда маңызды болары сөзсіз. Тәуелсіз мемлекет аталғалы бері қазақ тілінің мәртебесін күшейту, қолданылуын арттыру мақсатында кезең-кезеңмен тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Ана тіліміздің қасиетін қанша айтсақ та, ол үшін қанша еңбек етсек те көптік етпейді. Өйткені тіл – қастерлі, құдыретті ұғым. Ол – тәуелсіздігіміздің нышаны. Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында да мемлекеттік тілдің мәселесі міндетті түрде айтылып, қажетті тапсырмалар беріліп отыр. Соның бірі Мемлекет басшысының ел дербестігінің ширек ғасырында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. Осы құжаттағы өзекті мәселе - қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру. Қазіргі таңда Елбасының тиісті жарлығы шығып, латын графикасына көшудің алғы алғышарттары жасалуда. Мемлекет басшысының тіл саласындағы осы тапсырмасын уақтылы және сапалы орындау үшін қазақ тілінде сауатты жазу, оны үйрену, аударма тілі ретінде емес, өз мәртебесінде қолдану әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленді. Осы мереке аясында да мемлекетік тіл ел бірлігінің басты факторы болып қалады. Бұл да мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарау - Қазақстанның кез келген азаматының парызы екенін айшықтайды.

Качир аудандық
Әділет басқармасының басшы
«Қазақстан заңгерлер одағы»
РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі А.К.Сергазинов