Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Өрт кезіндегі қауіпсіз ережелерін сақтау
Өрт кезіндегі қауіпсіз ережелерін сақтау

Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі.Өрт-бұл адамның өміріне денсаулығына,қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін,қоршаған орта үлкен материалдық зақым келтіретін қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі,зиян тигізетін өрттер,өртке қауіпті обьектілерде және басқа да зақымдау факторлары жарылыс,улы заттардың жиналуы т.б бар обьектілерде болады.Сонымен бірге,адамдар көп шоғырланған жерде де өрт шығу қаупі бар.Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады.Оларға жататындар:
-Жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
-Сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен обьектілерге қашықтықтық әсері;
-Жану зонасында иісті газбен улану;
-Жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
Өрт болған жағдайда жылдапдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет.Өрт сөндірушілерді шақыра отырып оларға нақты түрде аудан және елді мекеннің атауын,көше атауын,үй нөмірін,қабатын,өрт қай жерден шыққанын айту керек.
Тереңкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі