Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Су айдындарындағы көктемгі мұз өте осал және үлкен қауіп төндіреді
Су айдындарындағы көктемгі мұз өте осал және үлкен қауіп төндіреді

Көктемнің келуімен күн сәулесінің әсерінен мұз тез ериді. Оған да қиратушы іс-әрекеттер көктемде өзендердегі судың күшейіп, оны төменнен түсіреді. Күн сайын ол борпылдақ және осал болады. Мұндай мұздың үстінде қозғалу үлкен қауіппен байланысты екені анық. Көктемгі мұз күз және қыс мезгілдерінің мұзынан қарағанда өзгеше екенін білу керек. Егер күзгі мұз адам салмағынан сықырлап, қауіптілігі туралы ескертсе, көктемгі мұз сықырламай, опырылып мұзды ботқаға айналады.
Бүгінгі күні Ертіс өзені су айдынындағы мұздың қалыңдығы 50-60 см құрайды. Жауын – шашынның көп түсуі, қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжамдануда, осыған байланысты мұзға шығуға тыйым салынады!
Есіңізде болсын, көктемгі мұз-оған аяғын басқанға қапқан құрады! Әсіресе өзен ашылған кезде мұздың бетінде ойнауға жол берілмейді. Мұздан мұзға секіру, жағалаудан алыстау өте қауіпті. Су тасқыны және сең жүру кезінде жағада болу өте қауіпті, өйткені судың қарқынды ағыны оны тез шайып кетеді.
Есіңізде болсын, көктемгі су тасқыны жауапты кезең! Көктемде өзендегі қайғылы оқиғалар оқушылар арасында орын алады. Балалар көбінесе өзеннің жиегінде ойнайды, кейбір кезде сеңнің үстінде сырғанайды.

Тереңкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі