Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Газ баллон және бізге арналған ережелер!
Газ баллон және бізге арналған ережелер!

Тұрмыстық газ аса қауіпті өрт немесе жарылысқа алып соғуы мүмкін екендігі барлығына белгілі. Газды қолданудағы өрт санының басым көпшілігі, газ плитасын және баллондарын дұрыс пайдаланбаудан болады. Қазіргі таңда, ауылдық елді-мекендерде газ баллондарды тасымалдаушылар техникалық қызмет көрсету және орнатусыз тек сатумен ғана шектеледі. Сондықтан газ баллондарды дұрыс орнату мен оны қолдану кезіндегі барлық қауіпсіздікке тұрғындар өздері жауапты. Газ баллондарды орнату және газ плиталарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Абайсыздықтың арты ұқыпсыздыққа айналуы аз оқиға емес. Тұншвқтврғвш газ - тұрғындардың отпен абайсыздығы мен тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықта тұрмыстық үйлерде адам қазасы мен жарақатына себеп болатын кең тараған жағдайдың бірі.
Қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып, төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн:
o Үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады – мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;
o Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына бір рет тазалайды, ал әк пен цементтен жасалған және металл мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды;
o Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексереді;
o Жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау керек;
o Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды;
o Мұржаның бас жағына құс ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырылып жасалуы тиіс;
o Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өзбетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады;
o Терезе (фрамуга), жалюздер және желдеткіш арналары жабық болса, мұржаларда, желдету арналарында және ванна бөлмесінің есігі астында түтін тартатын қуыс болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға болмайды.
Газ өнімдері толық жанбаған жағдайда, адам ағзасына зиян келтіретін тұншықтырғыш газ пайдаболады!
Газды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзсаңыз, Сіз өзіңізге ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіресіз.
Газ жабдықтарын немесе жылыту пештері орналасқан бөлмелердің терезелерін түнгі уақытта жабық қалдырмаңыз, газ құралдары орнатылған жерді демалатын және ұйықтайтын бөлме ретінде пайдаланбаңыз!


В. Анкушева Качир ауданы
ТЖБ инженері